12 мамыр сағат 12:00-де Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтеді.
Конференцияға Шымкент қаласының әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, қалалық мәслихат хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутатары мен фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысады. Жергілікті филиалдардан сайланған 130 делегат Zoom платформасында онлайн түрде қатысады.
Конференция барысында партия филиалы Саяси кеңесінің және бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланады.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы сайланады.
Шынар Оразова