Шымкент ҚПД Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлға ауласындағы кептіріліп, буылған шөбін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №39 УПП учаскелік полиция инспекторлары Кинология қызмет орталығының Альфа лақап атты итінің көмегімен күдіктінің ізіне түсіп, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.