Өткен тәулікте КВИ-дің 50 жағдайы тіркелді

28

 

Шымкент қаласында өткен тәулікте 6235 адам вакцина салдырды: I компонент – 2912, II компонент – 3323. Егу науқаны басталғалы барлығы 213 763 адам вакциналанды. Оның ішінде 119 257 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Сонымен қатар, 15 маусым күні КВИ-дің 50 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 34, белгілері жоқ – 16). 18 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 32 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар.

Өткен тәулікте қалада 200 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (197 кәсіпкерлік нысан, 3 жеке нысан).

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Вакциналау бекеттерінде екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.