Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн форматта өткен жиында қаланың эпидемиологиялық жағдайы талқыланып, індеттің таралуына тосқауыл болатын мәселелер айқындалды.

Эпидемиологиялық ахуалдың даму үрдісін талдаудан өткізген қала басшысы індет таралуына себепші болатын барлық жағдаяттардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Оның ішінде инфекциялық науқастар жатқызылған емдеу мекемелерінің шайынды суларын залалсыздандыруды, медициналық қалдықтарды жоюды тиісті талаптарға сәйкес атқаруды жүктеді.

Қажеттілік болған жағдайда аудандардағы мониторингтік топтар санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Олжас Айдарбек