Úı ANONS Шымкентте заңсыз қару алып жүрудің 19 жайты анықталды

Шымкентте заңсыз қару алып жүрудің 19 жайты анықталды

Ағымдағы жылдың 21-шілде мен 20-тамыз аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 3323 қару иелерін тексерді. 44 құқықбұзушылық анықталды. 5 қару және 2 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Іс-шара барысында отты атыс қаруын, оқ-дәрі және суық қаруды заңсыз алып жүрудің 19 жайты анықталды. Айта кететін ақпарат, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 20-тамызына дейін жалғасатын болады.

Exit mobile version