Ұлттық банк экономика саласында зерттеу жүргізгісі келетіндерге грант ұсыну үшін байқау жариялады.
Биыл Қазақстан Ұлттық банкі алғаш рет ізденушілер арасында экономикалық зерттеулермен айналысуға ынталандыратын гранттарды әзірлеп отыр. Бұл іске ең алдымен еліміздегі жоғарғы оқу орындарды, ғалымдар мен студенттерді тарту көзделген. Негізгі басымдық – ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық, фискалды саясатты іске асыру сынды еліміздің қаржы саласын дамытуға арналған тақырыптық жобаларға беріледі.