«Қалың қалай бастауыш ұйым?»

55

«Қалың қалай бастауыш ұйым?». Осындай атаумен «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекцияның басқарма басшысы Бауыржан Қалжановтың жетекшілігімен семинар-кеңес өтті.

Бұл іс-шараға денсаулық сақтау ұйымдарының 46 мекемесінен бастауыш кәсіподақ төрағалары мен техникалық инспекторлар ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Онлайн семинар кеңесте емдеу мекемесі қызметкерлерін қызықтырған тақырыптар кеңінен талқыланды. Нақтырақ айтқанда, облыстық психикалық денсаулық орталығы бастауыш кәсіподағының төрайымы Мырзатаева Шолпан Бахадырқызы денсаулық саласының қызметкерлерінің жалақысын есептеудің ерекшеліктері және Отырар аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподағының төрағасы Мәмбетәлі Абзал Есенханұлы COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялаудың маңыздылығын сұрап білді. Сондай-ақ семинарда еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді. Осылайша семинарға қатысқан кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қоя отырып, жауаптарын алды.

Мамандардың айтуынша, еңбек құқығын қорғауда мұндай шаралардың маңызы зор. Сондықтан облыстық кәсіподақ тарапынан жұмыскерлерді толғандырған өзекті мәселелерге қатысты семинар кеңестер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.