Жанат Қалметова – цирк өнерпазы

108

Жанат Қалметова, цирк өнерпазы: «Мектепке келіп үйірмеге шәкірт жинады. Алғаш сахнаға шыққанымда 12 жаста болдым. Жетекшілеріміз жан-жақты үйрететін. Акробатика, эквилибр, жонглирование. Өйткені цирк әртісі жан-жақты болуы керек дейтін. Кейіннен кім қай салаға икемді соны ары қарай дамытып әкетеді. Моноциклдағы эквилибрді игердім. Бір дөңгелекті велосипедті шырқ үйірдім. 1987 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық цирк фестиваліне қатыстым. Бір манежде Ю.Никулинмен жұмыс жасадым. Кіші алтын кубокты иелендім».