Қазақстан бойынша вакцинацияланғандар саны 8 029 779 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 128 454 адам салдырды.

Ал Шымкентте 537 835 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 478 880-ы алды.  Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 947 689, II компонентін 832 469 адам салдырған. Сондай-ақ өткен тәулікте 1 642 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 16-ы Шымкентте, 24-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 459-ға жетіп отыр. Оның 18-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 46 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 18 қазандағы жағдай бойынша елде 52 825 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 329 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 43 496-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 628 адамның жағдайы ауыр, ал 177 пациенттің халі өте ауыр.

104 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева