Ресейге салынған қазақстандық инвестицияның көлемі 4,5 млрд долларға жуықтаған

66

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. 17-ші форум онлайн форматта ұйымдастырылды.

Стратегиялық әріптестіктің дәлелі деп көп цифрлар келтірілді. Қазақстанда 7500-ден астам ресейлік және 3500-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді екен.

Тауар айналымы 19 миллиард доллардан көп. Ресейден тартылған тікелей инвестицияның көлемі соңғы 15 жылда 16 миллиард доллардан асыпты, ал Ресейге салынған қазақстандық инвестицияның көлемі 4,5 миллиард долларға жуықтаған.

Шынар Оразова