Шымкент: Лицей ашылды

60

Шымкентте физика-математика бағытын тереңдетіп білім беретін «Intellect» лицейі ашылды. «Асар» шағынауданында заманауи үлгіде бой көтерген мектеп 5-9 сынып оқушыларына білім береді.

Мұнда жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра және тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Білім мекемесі 600 орынға арналған. Қазір мұнда жан басына қаржыландыру әдісімен 277 оқушы ақысыз білім алып отыр.

Лицейдің салтанатты ашылуында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты.

Әлихан Файзханов