Шымкенттегі Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.

Нысан жақында ғана пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың қараша айында басталған еді.

Мөлдір Ибадуллаева