Сот эксперттерінің суреттер көрмесі өтті

90

 Шымкентте сот сарапшысының суреттер көрмесі өткізілді. Іс-шарада қойылған туындыларға, өнерсүйер қауым дән риза. Көрмені әйгілі суретші , ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Насыр Рүстемов ашты.

Бұл сот сарапшысының қыл қаламынан туындаған туындылар. Ол өз шығармашылығындағы барлық суреттерін жинақтап, арнайы «Перекресток» атты көрмеде ұсынуды шешіпті. Ерекше стильде жасалған жұмыс, тіпті өнерге қызығушылық танытпайтындардың да назарын өзіне аударған көрінеді.

Мәдина Мұхтарова – бала кезінен өнерге деген ерекше қызығушылығы болғандығын айтады. Ол қазіргі таңда  екі ұл, үш немере тәрбиелеп отырған аяулы жар. Шебер, осы көрме арқылы, үшінші мегаполис тұрғындарына деген, сүйіспеншілігін жеткізгісі келіпті.

Мадина Мұхтарова, суретші-сот сарапшысы: «Мен өз көрмем арқылы жас ұрпаққа және өз замандастарыма жарық сыйлағым келеді. Осы жарық, оларға жылу беретіндігіне сенімдімін, әрі өскелең ұрпақ бұл дүниеден үлгі-өнеге алары сөзсіз».

Мадина Мұхтарованың сөзінше, ол сурет салуға биылғы жылдың жазынан бастап кіріскен екен, әрі еліміздегі әйгілі және талантты суретшілердің туындыларына қарап, шабыт алатындығын айтады. Бүгінгі көрмеде ол, сол суретшілерге өзіне қолдау көрсеткендігі үшін ерекше алғысын білдірді.

Мәдина Мұхтарова, суретші-сот-медициналық сарапшы: «Маған шабыт сыйлаған, Насыр Рүстемовке, Иляеев Сұлтанға, Естемесов Расулға, Асанова Айнұрға, Бекенов Мұхтарға алғысым шексіз».

Салтанатты шарада, кейіпкерімізге қатысты пікір, жақындарының арасында екіге бөлінді. Біреулер суретшінің жаңа бастамасына таңданып жатса, енді біреулер Мадинаның шығармашылық болмысының ашылуын күткендігін айтады. Ал, үлкен ұлы, егер, анасы алдағы уақытта театр сахнасында өнер көрсетіп жатса, таңқалмайтындығын жеткізді.

Талғат Садбаев, М. Мұхтарованың үлкен ұлы: «Шынымды айтсам, анама қарап, мен қазір театр өкілін көріп тұрмын, ол өте жақсы ойнайды, егер ертең орыс театрының сахнасында өнер көрсетіп жатса, таңқалмаушы едім. Мен бұл суреттерді шынымен түсінбейтінмін, уақыт өте келе, өзіме назар аудару керек екендігін ұқтым. Сонда барып, өзімді осы суреттен тапқандай болдым. Тіпті бұл суретте, сіздерді де кездестіруге болады деп есептеймін, себебі анам бәрін өмірден алды».

Суретшінің айтуынша, бұл суреттерден, әр адам әр түрлі дүниені көреді. Оларда ешқандай негатив жоқ, тек махаббат пен шабыт бар, дейді. Ескерте кетейік, сіз бұл көрмені 2021 жылдың 12 қарашасына дейін, Есенниязов 61 көшесінде, «Алтын Орда» көркем галереясында тамашалай аласыз.

Аида Қарсыбайқызы