Жастар лигасының екінші кезеңі басталды

108

Шымкентте жастар лигасының екінші кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, жалынды жастарға сәттілік тіледі. Қазан айында бастау алған бұл жарыс, келер жылдың мамыр айында мәресіне жетеді.

Шымкентте жастар лигасының екінші кезеңі бастау алды. Басты мақсат, жастарды жаппай спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Бүгінгі таңда аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелерінен 143 өтінім келіп түскен. Шараның ресми ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Биыл мектептер мен қатар колледждер және университеттер де осы жастар лигасына қатысуға ниет білдіріп отыр.  Бұл жарыс 2-30 уақыт біткен соң тек қана Шымкентте емес, бүкіл облыстар да өтетініне сеніміміз мол».

Жарысқа 7 жоғары, 30 орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысуда. Сайысты арнайы лицензиясы бар білікті 110 төрешілер бағалайтын болады. Сонымен қатар, лига барысында Үздік қорғаушы, үздік қақпашы және тағы басқа көптеген номинация жеңімпаздары анықталып, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Ерлан Айтбаев, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы: «Спорттың 4 түрінен: футбол, волейбол, баскетбол және шахмат. Футбол ұлдар арасында, волейбол қыздар арасында, баскетбол ұлдар арасында, шахмат аралас. Яғни, 3 спорт түріне 8-11 сынып оқушыларын алып отырмыз, ал шахматта жас ерекшелігі талғанбайды. 1 сыныптың баласы да, 11 сыныптың қызы да қатыса береді».

Аудандардағы ойыннан соң өз тобынан жеңімпаз болып шыққан 16 мектептің командалары сәуір айында 1/8 финалда ойындарды жалғастырады. Ал студенттер арасындағы жарыс бөлек өтеді. Жарыс жеңімпаздары келер жылдың мамыр айында анықталып, марапатталады.

Әлихан Файзханов