Шымкенттік полицейлер құрылыс аймағынан электр сымдарын ұрлаған азаматты ұстады. Бұған дейін қала тұрғыны құрылыс жүріп жатқан ғимарат ішінде тұрған электр сымдарын белгісіз азамат қолды етті деп Абай ауданы Полиция басқармасына арызданған еді.

Келтірілген шығын көлемі шамамен 427 000 теңгені құрайды. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Жүргізілген іздестіру нәтижесінде күдікті анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 Мөлдір Ибадуллаева