21 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады

26

Шымкентте жыл соңына дейін 21 мыңнан астам абонент элекр қуатымен қамтылады. Оның ішіне Достык, Жалын, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл сынды 7 елдімекен кіреді. Бұл туралы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, сондай-ақ қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Тұран, Ынтымақ-2, Ақтас-2 және Сәуле, Жаңаталап, Асар-2 елдімекеніндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарды суға қосу жұмыстары басталды.

Жыл соңына дейін қалада тіршілік нәрін тасымалдайтын елдімекеннің барлығы 100 пайыз сапалы ауызсу қамтылады деп сендірді басқарма басшысы.

Әлихан Файзханов