Дәрі-дәрмек нарық реттеуіне жіберілмек

66

«Қымбаттамаған зат қалды ма?» дейді тұрғындар. Енді дәрі-дәрмектің бағасы да еркін, нарықта реттелмек. Қазірше заң жобасы мәжілісте қаралуда.

Бәсекелестікті дамыту туралы заң жобасына сәйкес, Қазақстан дәрі-дәрмектің көтерме және бөлшек саудасын кезең-кезеңімен реттеуді енгізбек. Алдын ала жасалған есеп бойынша 2 мыңға жуық дәрінің бағасы еркін өзгермелі болады. Заң жобасы мәжілісте талқыланды. Ұсынылып отырған норма дәрі-дәрмек бағасының халық үшін мүлдем қолжетімсіз болуына әкеліп соқпайды ма дейді депутаттар.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы: «Еркін құбылмалы баға бірнеше жылдар бойы кезең-кезеңімен шығарылады. Ол алдымен рецептісіз сатылатын дәрі дәрмектерге байланысты. Дәрі-дәрмек бағасы көтерілмейді, керісінше нарықта реттеледі. Мәселен, жақында ғана бетперде бастапқыда 120-140 теңгеден сатылса, қазір 13-20 теңге төңірегінде».

Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасы еркін нарық реттеуіне жіберілу мәселесі туралы халық не дейді? Бұл жайтқа қатысты шымкенттіктердің пікірін білген едік.

Жоқ бізге халыққа қол жетімсіз болады. Үкімет өзі реттеуі керек дәрі дәрмекке бағаны» дейді тұрғындар.

Заң жобасы мәжілісте қаралуда. Бүгінде жоғары сұранысқа ие дәрі -дәрмек бағасына қатысты шешімнің қалай болатыны уақыт еншісінде.

Шынар Оразова