Көлік өртке оранды

69

24 қарашада «Нұрсәт-3» шағынауданында «Мерседес-Бенц» көлігі өртке оранды. Көлік көпқабатты үйдің ауласында тұрған.

Кезекшіге оқиға туралы хабарлама сағат 7:45-те түсіп, 18 минуттан кейін өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына автокөлікті пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін.

«Зақымданғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД 3 техникасы мен 14 адамы жұмылдырылды»,-дейді төтеншеліктер.

Мөлдір Ибадуллаева