Шымкент: Жаңа жолайырық салу жұмыстары жоспарлануда

78

Бүгінгі таңда Бәйдібек би – Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайырығын салу жұмыстары жоспарланып жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы аталған жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланып отырғанын айтады.

Техникалық көрсеткіштерге сәйкес жолайрықта Бәйдібек би даңғылында 700 м, Ұ. Арғынбеков көшесінде 921 м аралықта жол жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол қаралған және 61 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу көзделген.

Сонымен қоса. жол жиегінде 1,5 метрлі жаяу жүргінші жолы және 1 метрлі веложол салынады. Қазіргі таңда нысан құрылысына жауапты мердігер анықталып қойған.

Гүлдана Дәурен