Түркістан облысының аумақтық қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын жасырын цехты жойды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Абдуллаев есімді жергілікті тұрғын «Иштихат» тұрғын алабында цех ұйымдастырғаны белгілі болды. Онда ол заңсыз жолмен 2, 3, 6 кг көлемінде «Ariel», «Тайд», «Миф», «Persil» маркаларымен ұнтақтар дайындаған.

Тәртіп сақышалары ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы және салмағы 20 кг-нан 100-ден астам ұнтақ сусымалы түрде белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіледі.

Осы себепті «The Procter&Gamble Company» компаниясының құқық иесіне үлкен залал келтірілді. Болған жайт үшін тұрғын Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әлихан Файзханов