Жанармайды шекарадан өткізбек болғандар ұсталды

30

Павлодар облысы аумағында АИ-92 бензинін шекарадан өткізбек болғандар ұсталды.

Олар 480 тонна өнімді теміржол арқылы Ресейге апармақ болған. Алайда Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті қызметкерлері күдіктілердің әрекетін алдын-ала біліп, тауар жөнелтуге дайын болған сәтте, яғни бұлтартпас деректермен ұстады.

Ал жүкті жөнелту құжаттарында бензиннің орнына мүлдем басқа өнімнің маркасын жазғандары анықталды. Алдын-ала жасалған келісімшарт бойынша 2 млрд. 800 млн. теңгенің бензинін шекара асырмақ болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Шынар Оразова