Әскерилер арасында салтанатты жиын өтті

63

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістан облысы ардагерлерінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Аймақтың қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев көпшілікті мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген табыстарына тоқталып өтті.

Сонымен бірге, Қарулы күштер сапында қызмет еткен, Ауғанстанда, Тәжік-ауған шекарасында және өзге де әскери қимылдарға араласқан сарбаздар мен сардарларға құрмет көрсетіп, мерекелік медальдар мен облыс әкімінің алғыс хаттарын тапсырды.

Әлихан Файзханов