«Бір бағытқа бір ғана көлік»: Транспорт басқармасына халық наразы

194

Әкімдіктегілер бізді мазақ етіп отыр ма? Осылай деген «Қайтпас 1» шағынауданының халқы арнамызға шағымданды. Айтуларынша, атқамінерлер халықтың мұңын тыңдағансып бірнеше жыл дегенде автобус жүргізген. Алайда, нөмірі 54 қоғамдық көліктен тек бір дана ғана бергенге ұқсайды. Шенеуніктердің құрғақ уәдесінен шаршадық деген олар бүгін жиылып шағымын айтты.

«Қайтпас 1» тұрғындарының шамына тиген 54 нөмірлі автобустың жайы. 2-3 жыл бойы асыға күткен қоғамдық көліктің сиқы осы. Мыңдаған халықты тек бір дана ғана автобус тасымалдайды. Оған отыру үшін сағаттап күтуге тура келеді деген жұрттың жауаптылардың тірлігіне көңілі толмайды.

Бұған дейін құрғақ уәдені үйіп берген траспорт басқармасы халықпен жүздесуден бас тартты. Есесіне, «Шымкент бас» компаниясының калонна басшысын жіберді. Оның айтуынша бұған дейін бір емес үш автобус қатынап келген. Тек соңғы екі күнде ғана жүргізуші жетіспеушілігінен біреу жүргізуге мәжбүр болыпты.

Кәрім Бестенов, «Shymkent bus» ЖШС колонна басшысы: «Автобус жеткілікті, жүргізушілер жетпейді».

Берілген қоғамдық көліктің бәрі түгел қатынаса да интервал кем дегенде 30 минут болады екен. Ал біз 1 жарым сағат күткен автобус жүргізушісі болса, интервал 15-20 минуттан 3 көлік жүріп жатырмыз деп сендіргісі келді.

Колонна басшысы ертеңнен бастап 3 автобусты жүргіземіз деп уәде етті. Алайда, халықтың талабына сай интервалды 10-15 минут ету үшін кемінде 10 қоғамдық көлік керек екенін айтып қалды. Дегенмен, бұл жауапкершілікті транспорт басқармасына нұсқады. Айтуларынша жоспар бойынша 2022 жылдың қаңтар айында субсидия бөлініп, автобус саны артуы мүмкін. Бірақ ол да әзірге нақты емес. Ал оған дейін қолдан келер шара жоқ дейді.

«Shymkent bus» ЖШС колонна басшысы: «Сіздерге 10 автобус керек. Біз оны қоя алмаймыз. Біз тек субсидияға дейін осы үш автобусты жүргізе аламыз. Субсиядиядан кейін білмеймін. Оны траспорт басқармасы айтады» дейді.

Мәрия Нарманова, тұрғын: «Мына бала-шаға, мен сияқтылар жаяу жүре алмайды. Қиналып жатырмыз. Айналайын әкімшілік сұранамыз, мына көпшіліктің атынан мен сұраймын. 57 созғызатын амалын жасаңызшы».

Амалы таусылған халық енді транспорт басқарқармасынан үмітті. Алдымызға келмесе де жанайқайымызды тыңдап қалар деген сенімде. Алдағы уақытта автобусты көбейтіп, немесе нөмірі 57 автобусты осы аумаққа жүргізіп берсе екен дейді қарапайым жұрт. Ал жиналыстан қолымыз босамады деген басқарма басшысынан жауап алу мүмкін болмады.

Мөлдір Ибадуллаева