Бірқатар министрліктер мен әкімдіктер мемлекет қаржысын толық игере алмаған.

130

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет ақшасын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктерді атады. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және  Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары. Қомақты қаржыны толық игере алмаған  ведомстволар арасында  мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктері бар.

Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу; орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 триллион теңгені құраса, 327 миллиард теңге атқарылмаған.

Шынар Оразова