Шымкентте тұрғынды ұрып-соққан бұзақылар қолға түсті

74

Шымкентте жергілікті тұрғынды ұрып соғып, заттарын тонап кеткен бұзақылар бейнебақылаудың көмегімен қолға түсті. Қалалық полиция басқармасына Әл-Фараби ауданы тұрғынынан түнгі уақытта, қала көшелерінің бірінде екi бейтаныс азамат келіп, себепсіз ұрып-соққандығы жөнінде арыз түскен.

Бұзақылар, одан құны 20 000 теңге тұратын күртеше мен 150 000 теңгелік «Iphone» маркалы ұялы телефонын күштеп тартып алған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 000 теңгені құрайды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты тонау бабымен тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Оқиға орнына жақын маңайдағы бейнебақылау жүйелерін жіті бақылау нәтижесінде, құқық бұзушылардың жеке-басы анықталып, көп ұзамай қолға түсті.