Шымкенттік адвокат Е.Яворский сотта «Дикий» Арманды қорғайтын болады

79

Оңтүстік мегаполистің танымал заңгері Евгений Яворский «Дикий» Арман атанған кримавторитет Арман Жұмагелдиевтің мүддесін қорғайтын болады, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің қамауға алынғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын топпен бірге Алматыда арнайы операция кезінде ұсталды.

Ұстау кезінде күдіктілерден 4 жартылай автоматты тапанша, оларға арналған оқ-дәрілер,басқа да қарулар мен брондалған автокөлік тәркіленді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Дикий» Арман атымен танымал Арман Жұмагелдиев өткен жылдың желтоқсан айында шетелден келіп, тәртіпсіздіктер кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсаты мен қару-жарақтың бар-жоғы тексеріледі. Ол 2 ай мерзімге қамауға алынды.

«Дикий» Арманды қорғауға шымкенттік белгілі заңгер Евгений Яворский білек сыбанып кіріскелі отыр.

«Олар маған жүгінді, біз барлық сұрақтар мен мән-жайларды кейінірек талқылаймыз», – деді Евгений Яворский.