Тоқаев: «Қазақстан Үндістанға тауардың 80 түрін экспорттауға дайын»

29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Үндістанға тауардың 80 түрін экспорттауға дайын екенін мәлімдеді.

«Үндістан сауда және индустрия министрлері деңгейінде сауда-экономикалық платформаны құруға бастамашы болып отыр. Біз осы бастаманы қолдаймыз. Ол алаңға әзірленген ұсыныстарды нақты бағдарламалар мен жобаларға айналдыруға болатын еді. Біз 610 миллион долларға тауардың 80 тізімін дайындап қойдық. Соның бәрін Үндістанға жақын арада жібере аламыз», – деді Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» атты алғашқы онлайн-саммитте.

Сондай-ақ, президент Үндістанның Қазақстанға экспортын кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді. Осыған байланысты әрбір елдің артықшылықтарын ескере отырып, сауда байланыстарын арттыру жоспарын әзірлеуді ұсынды. Саммит кезінде Қазақстан президенті Орталық Азия мен Үндістанның аймақаралық көліктік-логистикалық консорциумын құруды ұсынды.

Шынар Оразова

 

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20220127/19229641/qazaqstan-tauar-eksport.html