Ұлттық банк мәліметіне сәйкес Қазақстандағы резиденттер депозиттік ұйымдарда 27,1 трлн. теңгенің активін ұстап отыр. Желтоқсан айында депозиттік ұйымдарда ұсталатын ақшаның көлемі 5,1% ұлғайып, 27 трлн. 101,6 млрд. теңгеге жеткен.
Яғни, жылдық өсім 22,7% деген сөз. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 трлн. 836,6 млр.д теңгеге дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері 13 трлн. 264,9 млрд. теңгеге дейін өскен.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 трлн 337,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайғанын ескерсек, шетел валютасында 9 трлн. 764 млрд. теңгеге дейін көбейген.
Демек, депозиттердің 36 пайызы доллармен сақталып отыр. Ал 2020 жылғы желтоқсанда оның мөлшері 37,3% болған
Шынар Оразова