Президенттің баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды

80

Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қазақстан» ұлттық арнасы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының» баспасөз қызметі хабарлады.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар, 2019 жылдың қыркүйек айында «ҚР Президентінің Телерадиокешені» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.