Заңсыз шығарылған капиталды елге қайтару жұмыстары жүргізілуде

68
Wfin.kz

Қазақстаннан заңсыз шығарылған капиталды елге қайтару жұмыстары басталып кетті. Қаржы министрінің айтуынша қазір арнайы жұмыс тобы құрылған.

Әзірге ол оффшорға қаржы шығаруға тосқауыл қоюға және оны қайтаруға қатысты ұсыныстар әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, халықаралық келісімге сай, 62 елмен өз азаматтарының шоттары жайында ақпарат алмасу жүруде. Құзырлы органдар кейін нақты әрекетке көшпек.

Бұған дейін Президент Үкіметке заңсыз әкетілген ақшаны қайтаруды және елден миллиардтар заңсыз шықпас үшін транзакциларды қатаң бақылауға алуды тапсырған еді.

Шынар Оразова