Зейнетақыны ЕАЭО барлық елдерінде алуға болады

19

 

Зейнетақыны Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде алуға болады. Бұл ереже Қазақстанмен қатар, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения тұрғындарына ортақ.

Жаңа құжаттың тәртібі де қарапайым. Бар болғаны электронды өтініш талап етіледі. Мамандардың пайымынша, осы арқылы екі арада жұмыс істеп жүргендерге зейнетақы тағайындау мен төлеу, сондай-ақ қаржыны бір мемлекеттен екінші мемлекетке аудару жеңілдейді.

Айта кетейік, бұған дейін «бестік» өкілдері несие мәліметтерін біріктіру жөнінде ұсынысты мақұлдаған болатын. Ол бойынша азаматтарға Одаққа кіретін өзге мемлекетте де кредит рәсімдеу мүмкіндігі берілді.

Шынар Оразова