3 жылдық бюджет қайта қаралады

67

Қазақстан парламенті әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты үш жылдық бюджетті қайта қарауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты. Мәжіліс кулуарында журналистер Ресей әлеуметтік желілерді бұғаттап жатқанын айтып, мұндай қауіп Қазақстанға төнбей ме деп сұрады.

«Бұғаттау өте қымбатқа түсетінін бәріміз білеміз. Біз қиын кезеңге аяқ басып жатырмыз. Қазір бюджетті қайта қарастырамыз. Қажет емес дүниелерді алып тастаймыз, бізге әскерді нығайту қажет. Сондықтан, бюджетті қайта қарастыру керек», – деді Сарым.
Айдос Сарым - Sputnik Қазақстан
Айдос Сарым

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Айтуынша, қазір біз дағдарыс экономикасы жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Ал ол ақылға қонымды шешімдер мен үнемдеуді талап етеді.
«Сол себепті мұндай жағдайда әлеуметтік желілерді бұғаттауға миллиардтаған теңге жұмсау – тиімсіз. Билікті жақсы көрмеуге болады, бірақ билікте ақымақтар отырған жоқ. Бюджетті мерекелерден кейін, наурыздың соңы – сәуірдің басында қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Бұл мүлде басқа бюджет болады», – деді депутат мәжіліс отырысында.
Шынар Оразова