ИИДМ: Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

89

57 қазақстандық жүк көлігінің 49-ы Украина аумағынан шығарылды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілер айдайтын Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр», – делінген хабарламада.