Úı ANONS Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен 2 мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен 2 мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды

 

Шымкент қаласында өткен жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1796 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Азаматтар аталған тұрғын үйлерді Шымкент қаласы бойынша екінші дейгейлі банктер арқылы жеке құрылыс компаниялары салған пәтерлерді 7-20-25 бағытымен сатып алған. Жалпы сомасы 25,1 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2020 жылы осы бағдарлама шеңберінде 1639 адам тұрғын үйге қол жеткізген болатын.

2020 жылмен салыстырғанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің өсімі 1,1%-ға артқан.
Сонымен қатар, 2021 жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында 1728 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олар «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға бөлінеді.

7-20-25 — Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Бұл бағдарламаның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі — 7 пайыз. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайызы және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді. Шымкент қаласында 25 миллион теңгеге дейін тұрғын үй қарастыруға болады.

📌Жеке тұлға 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
🇰🇿Қазақстан Республикасының азаматтығы;
🏠Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
💰Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
🏦Ипотекалық кредиттерінің болмауы.

Exit mobile version