Екі адамды тонап кеткен күдікті ұсталды

42

Әл-Фараби аудандық Полиция қызметкерлеріне үш азамат арызданған. Айтуларынша, қалалық Арбатта достарымен демалып отырған сәтте бейтаныс азамат күш қолдану арқылы олардың ақшасы мен ұялы телефондарын тартып алған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 200 мың теңгеден асады. Хабарды алған бойда жедел-тергеу тобы құрылып нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Кінәлі жасаған ісін толық мойындап келтірілген шығынды толығымен өтеді. Сондай-ақ, оған қатысты 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 Иззат Миралиев