Инвестициялық штаб отырысында 9 жаңа жоба таныстырылды

57

Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиын барысында 2022 жылдың 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуі мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті.

Сондай-ақ, отырыста құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және әлеуметтік сала бойынша жалпы, 9 жаңа жоба таныстырылды. Оның ішінде жоба құны 13,5 млрд теңгені құрайтын керамика плитасы өндірісі жобасы арқылы 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, жылына 3,6 млн орам қағаз шығаратын мекемеге «Оңтүстік» индустриалды аймақтан жер бөлу жұмысы қаралуда. Қала әкімі жаңа өндіріс орындары мегаполис үшін маңызды екенін және ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Шаһар басшысы жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Мөлдір Ибадуллаева