Мектеп бітірушілерге мерекелік шара өткізуге қойылған бірқатар шектеулер

132

Бүгін барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанаты өтеді.

Шымкенттегі 203 мектепте екі жүз елу мыңға жуық оқушы білім алса, биыл олардың ішінде 11 189 түлек мектеп бітіреді. Айта кетейік, мектептердегі мерекелік шараны өткізуде биыл да бірқатар талаптар қойылған. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рыскелді Әліш брифинг барысында мәлімдеді.

Соңғы қоңырау білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 25 мамырда ел аумағындағы білім ордаларында ұйымдасқан түрде өтеді. 2021-2022 оқу жылында Шымкенттегі 203 мектепте 242 525 оқушы білім алса, биыл олардың ішінде 11 сыныпты 11 189 , 9 сыныпты 19 251 оқушы бітіреді. Мектеп бітіру іс шарасы биыл «Түлек-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі»атты тақырыпта өтпек.

Рыскелді Әліш, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының м.у.а.:»Қойылатын шектеулер іс -шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға. Мектеп бітіру кешін сән салтанатты өткізуге салтанатты дастархан ұйымдастыруға. Прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізу, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол беруге, Мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және де басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге тыйым салынады».

11 сыныпты бітірушілер үшін емтихандар 27 мамыр мен 10 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді. Қазақстан тарихы пәні бойынша қортынды аттестаттау ағымдағы жылдан бастап ауызша емтихан түрінде өтеді. Ал матерматика, ана тілі, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен емтихан жазбаша форматта жүреді. Брифинг барысында БАҚ өкілдері Рыскелді Әліштен, ел арасында айтылып жүрген «білім басқармасы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды» деген ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатындығын сұрады.

Рыскелді ӘЛІШ, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының м.у.а:»Қаламыздың бас ұстазы Жанат Тәжиева  денсаулығына байланысты ауруханада ем қабылдады. Қазір жағдайы жақсы. Жақында жұмысқа шығады».

Шымкентте биыл  мектепті 11 189 түлек бітіріп шығады. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны 453. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 37 оқушыға кем.

Шынар Оразова