Оқушылар наразылық акциясын өткізді

0

«Зияткер» мектебінде наразылық акциясы өтті. Орта және жоғары сынып оқушылары өз ұсыныстарын білдіруге шықты. Балалар нақты не талап етті?

Оқу жылының соңғы күні наразылық танытқан оқушылар шымкенттіктерді таң қалдырды. «Зияткер» мектебінің білім алушылары оқу жылын ұзартуды талап етті. Олар жазғы демалысқа шыққымыз келмейді дейді.

Имран Кайрулла, «Зияткер» мектебінің оқушысы: «Үш ай демалыс деген өте көп. Біз сол үшін наразылыққа шығып отырмыз. Біздің білім алғымыз келеді. Сондықтан жазда да оқуға рұқсат беруін талап етеміз».

Балалардың өтінішін мектеп директоры Жеткерген Жаншораев оң қабылдады. Айтуынша, жазғы мектеп балалардың білімін толықтыруға және орын алған олқылықтарды ретке келтіруге жақсы мүмкіндік. Сондай-ақ білім алушылардың қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, оның дамуына үлес қосу-мектептің басты мақсаты.

Жеткерген Жаншораев, «Зияткер» мектебінің директоры:  «Бұл бастаманы жоғары сынып оқушылары көтерді. Ал біз бірігіп осындай флешмоб ұйымдастырдық. Байқағандарыңыздай, балалар әлі де білім алығысы келеді. Мұны Білім және Ғылым министрлігі де қолдайды. Бізде 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл лагерь сияқты болмақ. Яғни, балалар таңертеңнен кешке дейін мектепте болады, күніне үш мезгіл тамақ беріледі және ағылшын тілі мен логика сияқты ең маңызды пәндер өтіледі».

«Зияткер» мектебі ерекше Happy & Smart принципі бойынша жұмыс істейді. Мәселен, оқушыларға ағылшын тілін Нигериядан келген мұғалім үйретеді. Джейкоб мырза әсіресе бастауыш сынып оқушылары арасында танымал. Себебі ол өзіндік ерекше оқыту әдісін ойлап тапқан.

Джейкоб Чияолам, СОЛОМОН ағылшын тілі мұғалімі: «Мен ағылшын тілін үйретіп келе жатқаныма 4-жылға жуық уақыт болды. Соңғы жылы Қазақстанда жұмыс істеп жатырмын. Бұған дейін Гана мен Ямайкада жұмыс істедім. Мен сертификатталған мұғаліммін. Ал мамандығым тарихшы және дипломат. Мен бастауыш сынып оқушыларына алдымен сабақ өтемін. Ал соңында ойын ойнаймыз. Осының арқасында оқушылардың 85 пайызы шет тілін меңгерген».

Зияткер мектебінде отыз жылдық педагогикалық өтілі бар жоғары санатты білікті мамандар сабақ береді. Мектепте алты жүзден астам оқушы білім алуда. Жазғы мектепте алты пән бойынша 11 үйірме жұмыс істейтін болады.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 87471957062
Телефон: 8 747 195 7062
Мекен-жайы: Д.Қонаев даңғылы 36/1
Лицензия №KZ32LAA00016891 2.09.2019 ж ҚР БЖҒМ берілген