Шымкенттік фабрика ұжымы республикалық референдумға қатысады

293

Елімізде 5-ші маусым күні республикалық референдум өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде осылай мәлімдеді. Саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру – Президенттің биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты . Және бұл халықтың көкейінде көптен бері жүрген мәселе еді.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы 8 жыл бойы үздік жұмыс атқарып келеді. Бүгінде кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші мемлекеттер Ресей, Өзбекстан, Қырғыстанға экспортқа жөнелтілуде. 5-ші маусымда өтетін республикалық референдумға қатысты өндірісте заңгер, саяси партияның өкілдерінен жасақталған насихат тобы кездесу өткізді.

Евгений Яворский, заңгер: «Президент өкілеттіктің басым бөлігін Парламентке бермекші. Бұл дегеніміз халық сайлаған депутаттар жоғары деңгейде сайлаушыларының мәселесін көтереді. Биліктегі өзгерістерге ықпал ете алады. Болашақтарыңыз жарқын болсын десеңіздер рефрендумға қатысыңыздар. Кейін біздің мәселелер шешімін таппады демеу үшін қалауыңызбен қатысып өз таңдауыңызды жасаңыз».

әДемократияландыру үдерісін тиімді жүргізу үшін әрине алдымен Ата заңға өзгерістер енгізу қажет екендігін барлығы түсінеді. Президент реформаларды әркім өзінен бастау керек екеніне назар аударғаны бекер емес. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.»-, деген мелекет басышысының сөзін қолдаймыз. 5-ші маусымда өтетін республикалық референдумға қатысамыз дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Жұмысшы: «Мен барлығын Референдумға қатысуға шақырамын. Ол біздің болашағымыз үшін. Жастарға жағдай жасалатынына сенімдімін».

Гүлназ Сатылханова, жұмысшы: «4 балам бар. Жасым 53-те балаларымның болашағы үшін, жақсы өмір сұру үшін рефрендумға қатысамын. Әйелдер үшін зейнетке шығу жасын 58 – ге төмендетуді өтінемін».

Егер сіз шынайы өзгерістерді қаласаңыз, ол үшін Жаңа Қазақстан жаңарудың жолы үшін таңдау жасаймын десеңіз 5 мамырда республикалық референдумқа қатысыңыз.

Шынар Оразова