Түркиялықтар Түркістанда «TURANSEZ» арнайы экономикалық аймағын дамытпақ

0

Қазақстан мен Түркия түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда «TURANSEZ» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөнінде келісті.

Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Сондай-ақ, аталған құжатта қос тарап екіжақты сауда көлемінің тұрақты түрде артуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы жылдарда сауда көлемін 10 млрд долларға жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңызын атап көрсетті.

Екі ел арасындағы сауданы ынталандыру және өзара тікелей инвестицияларды қолдау мақсатында ҚР Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктері, Түркия Республикасының Сауда, Индустрия және технология министрліктері мен Президенттік инвестиция кеңсесінің үйлестіруімен қажетті шараларды қабылдауға келісті.

Шынар Оразова