1 шілдеден бастап тауарлардың электрондық каталогы енгізіледі

73

Енді мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер елде жоқ талапты қоя алмайды. 1 шілдеден бастап тауарлардың электрондық каталогы енгізіледі. Тендерге қатысушы кәсіпкерлер сонда өз тауарын тіркеуі керек.

Тиісті жоба бармақ басты көз қысты әрекеттерге тосқауыл қою үшін қолға алынды. Әзірге, бұл тізімге кеңсе заттары, тұрмыстық тауарлар, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары кірген. Алдағы уақытта мамандар тізімді кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Электрондық қаржы орталығы» басқарма төрағасы Нұрлыбек Рахметовтің айтуынша, бұл жоба әділ бәсекелестікке ықпал етеді. Мемлекеттік сатып алуды неғұрлым ашық жүргізуге мүмкіндік береді.

Шынар Оразова