Ұсыныс: Бюджетті бір жылға жоспарлау керек

58

Бюджетті тек бір жылға жоспарлау керек. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрайымы  осындай ұсыныс жасады.

Үш жылдық бюджеттің формальды күйде қалғаны белгілі. Оны қалыптастыру үшін көп уақыт қажет. Орындау барысында тек бірінші базалық жыл нақтыланып, түзетіледі. Одан кейінгі жылдарды қарамаймыз да деді Наталья Годунова.

Әрі келесі кезеңге жоспарлау кезінде бұрын қолдау тапқан шығыстың бір бөлігі жаңа бюджеттен түсіп қалуы мүмкін екенін атап өтті. Салдарынан нысандар аяқталмайды. Сондықтан бюджетті бір жылға жоспарлау қайтарылуы мүмкін.

Тағы бір жаңалық – бизнес пен инвесторлар қабылдаған міндеттемелердің орындалуына кепілдік берілмек. Годунова бір жылдық бюджеттің пайдасын атады. Үш жылдық жоспарға ресми түрде байланбай, нарықтық жағдайларға икемделу керек деді. Оның үстіне бір жылдықты игеру де жеңіл болмақ.

Шынар Оразова