Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге дөрекілік танытты» деген ақпарат таратылуда

102

Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге дөрекілік танытты» деген ақпарат таратылуда. Аталған жайт бойынша 19.07.2022 жылы Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына күзет қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14.00 шамасында » ЖШС ғимаратында жас әйел күзетшілерге қатысты дөрекі сөздер айтып балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туылған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д-мен тұрмыста болған (прокуратура қызметкері емес).
Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Соңғыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Шымкент ҚПД Баспасөз қызметі