Елімізде жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өспейді

39

Елімізде жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өспейді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов 180 күнге арналған бірлескен бұйрыққа қол қойылғанын айтты. Жыл соңына дейін баға тұрақты болады, – дейді министр.

Екі жыл бұрын Ресей мен Қазақстандағы баға айырмашылығы 60-80 теңге болған. Ал Қырғыз Республикасымен тіпті бірдей еді. Кейінгі екі жылда екі есе айырмашылық бар. Министр елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты да пікір білдірді. Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс қуатын кеңейту қарастырылып жатыр.

Себебі, Шымкент зауытының қуаты кезінде 12 млн тоннаға дейін жетеді деп жоспарланған еді. Бірақ жобаның қашан қолға алынатыны әзір белгісіз.