Көшеде жайылып жүрген мал 60 күннен кейін сіздікі болуы мүмкін…

65

Шымкенттің орталық көшелерінде малдың жайылып жүруі-мегаполис иммиджіне нұсқан келтіреді. Осылай деген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов алдағы уақытта қала ішінде төрт-түлік асырауға шектеу қою мәселесін зерделеуді тапсырды. Ал ветеринария басқармасының басшысы жануар иелернің жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

Бұл тұрғындар тарапынан да көтерілген өзекті мәселеле болатын. Осыған байланысты  жұмыстар атқарылуда.

Иесіз жайылып жүрген малды үйіңізге кіргізіп, 60 күнде ешкім іздеп келмесе оны өз атыңызға жазып алуға болады. Бұл туралы Шымкент қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы мәлімдеді. Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, бұл төрт-түлік асырайтын азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынып отыр.

Әбунасыр Жанбатыров, Шымкент қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы: «Әкімшілік Кодекске сәйкес, егер егесіз жайылып жүрген малдар болатын болса, оны ұстап алған адам немесе кез-келген адам 60 күнде егесі табылмаса, оны өз иелігіне алуға болады. Немесе оны өз кәдесі жаратуға болады. Оған дейін табылып қалса, иелесі 60 күнге кеткен шығынды өтеп қана малын әкете алады».

Бірақ тауып алған адам алғашқы үш күн ішінде полиция басқармасына хабарлауға міндетті. Жалпы сессия отырысында қала ортасында жүретін төрт-түлік жануарлар мәселесі де талқыланды. Мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов орталықта «жайылып жүретін мал» асырауға тыйым салу қажет екенін айтады. Өйткені, бұл туристік мегаполистің иммиджіне нұсқан келтіреді дейді.

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қалалық мәслихат хатшысы: «Қаланың орталығында да қой, ешкі бағып жүреді. Тіпті, шошқа бағатындары да бар. Мал арқандап отырғандары да бар. Біз енді мегаполис атандық, енді туристік иммиджімізге де, жалпы инвестициялық иммиджімізге де, жалпы өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін де маңызды».

Қала орталығында белгілі бір мал түрін асырауға тыйым салына ма? Бұл сауалдың жауабы бір айдан кейін белгілі болады. Өйткені, мәслихат хатшысы басқарма басшысына бұл мәселеге қатысты зерделеу жүргізуді тапсырды. Жалпы бұған дейін, жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданған еді. Ал бүгінгі жиында оларды аулау әдісі талқыланды.

Әбунасыр Жанбатыров, Шымкент қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы: «Бізде жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданған. Ол жердегі негізгі өзгеріс бұрын үй жануарларын жансыздандыру арқылы аулайтын болса, қазір оны ешқандай жансыздандырмай, ұйықтатпай аулау керек. Оның арнайы ілмек, торлары бар. Сонымен аулап, стирилизация, кастрация жасап оны қайта мекен ету орнына жіберуіміз керек. 4-10 күн ішінде».

Айта кетейік, жыл басынан бері бір мегаполистің өзінде 25 мыңнан астам ит ауланған. Жауаптылар егер айналаңызда иесіз әрі қаңғыбас жануарлар көбейсе, арнайы колл орталыққа хабарласу керектігін айтады.

Тел:  45-05-15, 45-05-22, 24-74-78