Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

58

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бүгін Мәдениет сарайында Қажымұқан ауылдық округінің 9-11 сынып мектеп оқушыларымен (350-ге жуық) кездесу өткізді.

Сондай-ақ кездесуге Ордабасы ауданы әкімдігінің, адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары мен мектеп педагогтары қатысты.
Кездесу барысында бала құқығын сақтау, болашақ мамандық таңдау сұрақтары, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауындағы «орта білімнің сапасын арттыру мен 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау» тапсырмасының маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы видео ролик көрсетілді, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.