Шардарада «Батаменен ел көгерер» сайысы өтті

48

Шардара ауданында екі кезеңнен тұратын «Батаменен ел көгерер» атты қариялар арасында бата беруден жарыс өтті. Сайысты «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Жұмабек Қабылов ұйымдастырған.

Шараның басты мақсаты – батаны дәріптеу, кейінгі ұрпаққа насихаттап, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту. Екі кезең қорытындысы бойынша Қыстау Ілесов ақсақал «Ең батагөй» қария атынып, бас жүлдені иемденді. I орынды Болат Жамалханұлы, II орынды Қонарбай Сейдалиев жеңіп алды. Ал Әнуарбек Нысанов жүлделі ІІІ орыннан көрінді.