Шымкентте пробациялық бақылаудағы адамдар саны азайды

0

Шымкент қаласында алғашқы 6 айдың мәліметі бойынша пробациялық бақылауға 1360 адам есепке алынды. Қалалық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл быртырға қарағанда бақылауда жүргендер саны 215 адамға азайған.

Десе де есептегілер арасында қайта жасалған қылмыстар саны 2 есеге өскен. Соңғы уақытта қайта жасалған 36 қылмыстың 28-ін жұмыссыз және тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар жасаған. Сондықтан пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту қолға алынды. Ол үшін квота бойынша 10-нан аса мекемеге 106 жұмыс орны бекітілген. Қазіргі таңда 58 азамат жұмысқа орналасты.