Түркістандық азамат көшеде тұрған көлікті ұрлап кеткен

62

Түркістанда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды. Қалалық Полиция басқармасына арызданған тұрғынның айтуынша, түнде көше бойында тұрған «Ваз-2106» маркалы көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алынды. Іздестіру жұмыстары нәтижесінже анықталғандай, күдікті кілттенбеген көлікті байқап, айдап кеткен. Бүгінде автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақ болуды және көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ мүмкіндігінше, автокөліктерді күзетілетін тұраққа қойып, күзет дабылымен жабдықтау қажет екенін айтады.