Úı Jańalyqtar Кәсіпкерлік нысандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Кәсіпкерлік нысандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының, Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және қоғамдық кеңес мүшелері мамандарымен бірлесіп, Қарабастау тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандарының қасбеттеріндегі атаулары орфографиялық дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған түсіндіру бойынша, көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен жазылуы тиіс,  мемлекеттік тілде- сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекті ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін.

Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Аталған талаптардың сақталмауы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған орай, кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекті ақпарат мәтінін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына арналған жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп, қазақ тілін дамытуға қатысты өз ойымен бөліскен болатын.
Сондықтан да тілге деген құрмет кез-келген кәсіп иесінде болуы керек. Дүкен не болмаса қызмет көрсету салаларының маңдайшаларын мемлекеттік тілде дұрыс жазу ең алдымен елге, тілге, ұлтқа деген құрметті көрсетеді.
Exit mobile version